2025 жылдың басынан бері 297,4 мың азамат, оның ішінде 47,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 827,6 мың қазақстандық тіркелген, оның 328,9 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 708,3 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.