Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында жасанды интеллект көмегімен жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындарын автоматты түрде анықтау функционалдығын жүзеге асырды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 мыңнан астам ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.