Жамбыл облысында вегетация кезеңі жоспарға сай өтіп жатыр. Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласы суаруға айтарлықтай тәуелді. Негізгі дақылдар – жүгері, көпжылдық шөптер, қант қызылшасы, бақша және көкөніс өнімдері. Суару жұмыстары облыстың 10 ауданында жүргізіледі. Алты ауданда ішкі су көздерін пайдаланып, су тапшылығынсыз жұмыс істеп жатыр. Төрт ауданы Қырғыз Республикасынан бастау алатын Шу және Талас трансшекаралық өзендеріне тәуелді. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.