Биыл еліміздің вегетация кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтті. Көктемде аптап ыстыққа байланысты суару маусымы 20 күнге ерте басталды. Сонымен қатар вегетация кезеңі басталмай тұрып, топырақтағы ылғалдың аз болуы, әсіресе оңтүстік өңірлерде, су шаруашылығына теріс әсер етті. Осы жағдайда Шардара су қоймасынан Қызылқұм магистральды каналы арқылы су алу көлемі айтарлықтай артты: 2025 жылдың сәуірінде секундына 90 текше метр, мамырда – секундына 70 текше метр жіберілді. Салыстырмалы түрде, өткен жылы бұл көрсеткіштер төмен болған: сәуірде-мамыр айларында – секундына 30 текше метр. Бұл жайлы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.