Биылғы вегетация маусымында Түркістан облысында 441,3 мың га суармалы жерден 3,35 млрд текше метр су алынды. «Қазсушар» РМК филиалы 9 484 шарт жасасты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қазіргі уақытта Түркістан облысында негізгі дақылдарды суару жұмыстары аяқталып, суға қажеттілік төмендеді және өнім шығыны тіркелген жоқ. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Сонымен қатар ол диқандарды сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы мәлімет берді.