Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі судың көлемін арттыру жұмысын жүргізуде. 2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге дейін жетті. Осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.