ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады. Министрлік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға күш салып жатыр. Бүгінде бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге шамамен 8 теңге жеке инвестиция тартылады, ал 1,4 теңге қазынаға салық түрінде қайтарылады. АЭА іске қосылғалы бері жалпы құны 10 трлн теңгеге жуық 532 жоба жүзеге асырылса, оның 85-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асқан. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 800 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.