Күн жаңалықтары
19.09.2025
Жарияланымдар · 11
Президент қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы
АҢДАТПА!
Үкіметте Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес-қоғамдастық пен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет жерлерді қайта айналымға енгізе бастады: ашықтық пен фермерлерді қолдауға басымдық беріліп отыр
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектары қайта бөлінді. 2,1 млн гектар жер елді мекендерге жақын орналасқандықтан, ауыл тұрғындарының мал жаюына ортақ пайдалануға берілсе, қалған 4,1 млн-ы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында конкурс арқылы бөлінді. Сонымен қатар жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі 4 млн гектар жерді игеруге кірісті. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабаралйды Primeminister.kz.
2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) іске асырыла бастады
Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Енді Қазақстанда формалды білім беру бағдарламаларынан тыс алынған біліктілік ресми түрде танылады
Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек ресми білім беруді ғана емес, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелері мен танылған біліктіліктерді де қамтиды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сіздің әлеміңізді қалыптастыратын алгоритмдер. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілердің ұсыныс алгоритмдерінің жұмысына және олардың ақпаратты қабылдауға ықпалына арналған кезекті шығарылымын ұсынады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады
20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
2025 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 270 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 50,3 мың отбасындағы 270,7 мың адамға 21,7 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.