Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.09.2025

Жарияланымдар · 11

Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

20:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт саласын кешенді реформалауға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

19:52Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

19:27Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

18:40Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді.

17:47Жаңалықтар

Қазақстандық ірімшік өндірушілер Францияда жеңіске жетті

«Бір ауыл – бір өнім» бастамасы табысты түрде жүзеге асып келе жатқанына он жылға жуық уақыт болды. Бұл жолы да ол өзінің тиімділігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Францияның Тур қаласында өткен әлемдік сыр байқауы Le Mondial du Fromage-де беделді марапаттарға ие болып, жаһандық қоғамдастықтың назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:14Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет емханаларда заманауи педиатриялық бөлімшелер ашылуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитарлық көмек деңгейінде педиатриялық қызметті нығайту жөніндегі дәйекті саясатты іске асыруды жалғастыруда. 2025 жылғы маусымнан бастап МСАК ұйымдарында педиатриялық бөлімшелер кезең-кезеңімен ашыла бастады. Оларды құру балаларға медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:05Жаңалықтар

Қазақстанда 12,7 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

15:04Жаңалықтар

Жамбыл облысында Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету желісінің алғашқы нысаны іске қосылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес штабқа инвесторлардың мәселесін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша өкілеттіктерге берілген болатын. 2025 жылдың басынан бері онда 18 отырыс өткізіліп, жалпы сомасы $70 млрд болатын 65 инвестициялық жоба қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:30Жаңалықтар

Дәурен Сәлімбаев ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

13:28Жаңалықтар

Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ қолданады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша, оның ішінде ЖИ енгізу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызеті.

10:23Жаңалықтар