Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.