«Бір ауыл – бір өнім» бастамасы табысты түрде жүзеге асып келе жатқанына он жылға жуық уақыт болды. Бұл жолы да ол өзінің тиімділігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Францияның Тур қаласында өткен әлемдік сыр байқауы Le Mondial du Fromage-де беделді марапаттарға ие болып, жаһандық қоғамдастықтың назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.