Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.09.2025

Жарияланымдар · 8

Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:28Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

12:20Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдаудағы Қазақстанның су ресурстарын есепке алу және басқару ісін цифрландыру мен автоматтандыру туралы тапсырмасын іске асыру

АҢДАТПА!

12:01Баспасөз хабарламалары

«Адал азамат» бағдарламасы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысына оң әсерін тигізді

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – алдын ала жоспарланған, құрылымдық жүйесі мен бағыттары айқындалған маңызды құжат. Бағдарламаның сапалы іске асырылуына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік құралдар әзірленді. Ол тәрбие орынбасарларына, сынып жетекшілерге қолжетімді. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

12:00Жаңалықтар

«Адал азамат» бағдарламасы аясында 6 ауқымды жоба іске асып жатыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында 2024-2025 оқу жылында «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде атқарылған шараларға тоқталып өтті. Мәселен, білім алушыларды жауапкершілікке, мейірімділікке және экологиялық мәдениетке баулуға бағытталған «Қамқор» жобасы аясында 3 миллионнан астам оқушы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты. Мектептерде әзірленген үздік экожобалар «Tazalike» айлығының қорытынды шарасында Мемлекет басшысына таныстырылды.

11:50Жаңалықтар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес ата-аналар комитеттерінің қызметі трансформацияланады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, еліміздің барлық білім беру ұйымына таратылуда. Яғни, жеке меншік мектептер де «Адал азамат» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын өткізеді. Бұл мектептердің тәрбие жөніндегі мамандары мен педагогтері үшін арнайы курстар өткізілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.

10:34Мемлекет басшысының қызметі

2025 жылы қазақстандықтарға шамамен 570 млрд теңгеден астам бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 570,7 млрд теңгеге 443 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

08:59Жаңалықтар