ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында 2024-2025 оқу жылында «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде атқарылған шараларға тоқталып өтті. Мәселен, білім алушыларды жауапкершілікке, мейірімділікке және экологиялық мәдениетке баулуға бағытталған «Қамқор» жобасы аясында 3 миллионнан астам оқушы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты. Мектептерде әзірленген үздік экожобалар «Tazalike» айлығының қорытынды шарасында Мемлекет басшысына таныстырылды.