«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – алдын ала жоспарланған, құрылымдық жүйесі мен бағыттары айқындалған маңызды құжат. Бағдарламаның сапалы іске асырылуына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік құралдар әзірленді. Ол тәрбие орынбасарларына, сынып жетекшілерге қолжетімді. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.