Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.09.2025

Жарияланымдар · 16

Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды

Биыл Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

16:15Жаңалықтар

Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы

АҢДАТПА!

15:08Баспасөз хабарламалары

Энергетика министрлігі: отынның барлық түрі бойынша нормативтік қор жинақталды

Қазақстанда 323 шақырым жылу желісін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда 293 шақырымда жұмыс аяқталды. Сондай-ақ 2025 жылы 47 орталықтандырылған қазандықты жөндеу көзделіп, оның 38-де жұмыстар толық аяқталды. Бұл жұмыстар жылыту маусымын кестеге сәйкес бастауға және халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жайында ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

14:50Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр

Елімізде күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Мәселен, Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Осы аптада Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында да жылыту маусымының басталуы күтілуде. Қалған өңірлерде жылыту маусымы белгіленген мерзімде басталады. Бұл туралы ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Қазақстанда «JOLSHY» бірыңғай дерекқоры іске қосылды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласы мамандарының бірыңғай дерекқоры «JOLSHY» іске қосылды. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеген жаңа цифрлық сервис кадр тапшылығын шешуге және саладағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

14:16Жаңалықтар

Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

14:12Жаңалықтар

Инвестициялық саясат: даму стратегиясы мен басымдықтар

АҢДАТПА!

12:15Баспасөз хабарламалары

Сот сараптамалары орталығы виртуалды аутопсия бойынша жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады

Қазақстандағы сот сараптамалары орталығы сот-медициналық практикаға цифрлық технологияларды енгізуде: филиалдардың бірінде виртуалды аутопсия бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба аясында салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, дәстүрлі аутопсия компьютерлік томографиямен салыстырылды. Нәтижелер бірқатар өлім жағдайы бойынша сараптамалық қорытындылардың толық сәйкестігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу кезінде жаңа сараптамалық зерттеу қолданылмақ

Еліміздің Сот сараптамалары орталығы зертханалық базаны жаңартумен қатар әдістемелік әлеуетті дамытуды да назардан тыс қалдырмайды. Қазір цифрлық активтердің айналымы мен қаржы ағындарына, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілеріне қатысты объектілерді сараптамалық зерттеу жүргізуге арналған жаңа әдістемелік жобалар әзірленуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

11:50Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығының қызметі жүйелі түрде жаңғыртылуда

Сот сараптамасы – әділ әрі объективті шешімдер қабылдау үшін ғылыми негізді қамтамасыз ететін, сот төрелігі жүйесінің негізгі салаларының бірі. Қылмыстарды тергеудің тиімділігі мен қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сараптамалық зерттеулердің сапасы мен шынайылығына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда бұл сала белсенді даму кезеңін бастан өткеруде: цифрландыруға, жаһандануға және қылмыс сипатының өзгеруімен байланысты жаңа сын-қатерлер, сонымен бірге – заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осы себепті Сот сараптамалары орталығы материалдық-техникалық базаны нығайтуды, инновациялық әдістемелерді әзірлеуді және процестерді цифрлық трансформациялауды ұштастыра отырып, өз қызметін жүйелі түрде жаңғыртуда. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

3 мыңнан астам мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын айқындады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:12Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі. Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды.

04:22Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді.

03:21Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

02:51Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

02:17Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі

00:45Жаңалықтар