Күн жаңалықтары
23.09.2025
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті
Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып қалды
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандық колледж студенттері ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік танылды
Елордадағы Жоғары политехникалық колледж студенттері киберқауіпсіздік бойынша GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде І орын алды. Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкіметте 2025 жылғы егін жинау науқанының барысы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егін жинау науқанының уақтылы әрі сапалы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда еліміз аумағында егін жинау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Ал оңтүстік өңірлерде егін орағы аяқталуға жақын. Алдын ала нәтижелерге оң баға беріліп отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған. Бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жылыту маусымына дайындық
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.
Қазақстанда майлы дақыл тұқымы мен 24 млн тонна астықтың рекордтық өнімі күтілуде
Қазақстанда егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр, оның қарқыны былтырғы көрсеткіштерден жоғары. Бүгінгі таңда 10,2 млн гектардан 15,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Заманауи жағдайларда сот сараптамасын дамыту және жетілдіру
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті.
Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті.