Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егін жинау науқанының уақтылы әрі сапалы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда еліміз аумағында егін жинау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Ал оңтүстік өңірлерде егін орағы аяқталуға жақын. Алдын ала нәтижелерге оң баға беріліп отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.