Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған. Бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.