Күн жаңалықтары
26.09.2025
Жарияланымдар · 11
Мемлекет басшысы бірқатар спортшы мен бапкерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.
Алатау қаласына арнаулы мәртебе берілді
Мемлекет басшысы «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Сауда базарларын жаңғырту
АҢДАТПА!
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады.
Жазғы туристік маусымның нәтижелері
АҢДАТПА!
WorldSkills чемпионатының жүлдегері: біз тең дәрежеде күресе аламыз
Астана техникалық колледжінің студенті, WorldSkills Қазақстан-2024 республикалық чемпионатының қола жүлдегері Алмаз Рахметов ОКҚ алаңында CNC станоктарында жұмыс істей отырып, бәсекеге қабілетті жалақыға қалай қол жеткізгенін айтып, бұл мамандықтың күрделі тұстарына тоқталды.
Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы шаралар туралы айтты
Қазіргі таңда елімізде 700-ден астам колледж жұмыс істейді, онда бес жүз мыңнан астам студент білім алып жатыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Санжар Татибеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында кәсіптік білім алып жатқан жастар үшін ұйымдастырылған шаралар жайында баяндады.
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен технология барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды.
Колледж студенттерінің басым бөлігі жатақханамен қамтылған
Қазақстан колледждері шетелдік ұйымдармен стратегиялық әріптестік орнатып, бірлескен бағдарламалар іске қосылуда. Биыл интернационализация аясында 7 шетелдік колледж еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне интеграцияланды. Бұл жаңашылдықтың тетіктері туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов ОКҚ алаңында айтты.
Абай облысында 800-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Абай облысында 807 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.