Қазіргі таңда елімізде 700-ден астам колледж жұмыс істейді, онда бес жүз мыңнан астам студент білім алып жатыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Санжар Татибеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында кәсіптік білім алып жатқан жастар үшін ұйымдастырылған шаралар жайында баяндады.