Қазақстан колледждері шетелдік ұйымдармен стратегиялық әріптестік орнатып, бірлескен бағдарламалар іске қосылуда. Биыл интернационализация аясында 7 шетелдік колледж еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне интеграцияланды. Бұл жаңашылдықтың тетіктері туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов ОКҚ алаңында айтты.