Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

01.10.2025

Жарияланымдар · 4

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі.

17:07Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне жіберілген кандидаттардың тізімі жарияланды

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды. Құзыреттер бойынша сұхбат биыл 23-28 қыркүйек аралығында онлайн-режимде кәсіби HR-сарапшыларды тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбат форматында өтті. Құзыреттер бойынша сұхбатқа 200 кандидат қатысты, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

17:06Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады.

16:53Мемлекет басшысының қызметі

ҚР ТЖМ: Өрттің алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді

Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асырып жатыр. Жаңа бағдарлама ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайтуда. Тек биылдың өзінде 50 өрт сөндіру пункті құрылып, қажетті техникамен, киім-кешекпен қамтамасыз етілді, 21 пункт қайта жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 69 пункт құру жоспарда бар. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер құратын өрт сөндіру бекеттеріне өрт техникасын жеткізіп жатыр. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары