Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

02.10.2025

Жарияланымдар · 19

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады

Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

20:56Жаңалықтар

Қазақстан мен Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ.

20:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок баспасөз брифингін өткізді

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан президенттері БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады.

19:37Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Қазақ елінде қарсы алу үлкен мәртебе екенін, халқымыз Мажарстан Президентін аса көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты басшы, беделді тұлға деп қабылдайтынын атап өтті.

18:51Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен жүргізген келіссөзі екі елдің делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасты.

18:25Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті.

17:13Мемлекет басшысының қызметі

Астанада «Жұлдызай» республикалық ұлттық инклюзивті ойындар өтіп жатыр

Астанада мүгедектігі бар балалардың өмірін жақсартуға, спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Жұлдызай» республикалық ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

16:49Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

15:42Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті.

15:35Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.

15:12Жаңалықтар

Қазақстанда ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде медициналық нысандардың 90%-дан астамының құрылысы аяқталды

Қазақстанда ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.

14:52Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесу өткізді

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Оламамен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесті.

14:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge-2025 халықаралық форумында сөз сөйледі

13:37Жаңалықтар

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша 411 маман қорытынды бағалаудан өтті

2023 жылдан бері елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:33Жаңалықтар

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру туралы

АҢДАТПА!

10:00Баспасөз хабарламалары

Оралда қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп ашылды

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:24Жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 79 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 78,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:15Президенттің тапсырмалары

Бүгін техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

09:00Жаңалықтар