Күн жаңалықтары
03.10.2025
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды.
Биылғы оқу жылында ел мектептерінде 1,7 млн балаға тегін ыстық тамақ беріледі
Оқу-ағарту министрлігі балалардың тегін және сапалы тамақтану құқығын сақтау, олардың мүдделерін қорғау мақсатында білім ұйымдарындағы тамақтануды ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет пен жауапты құрылымдардың маңызды міндеті. 2025-2026 оқу жылында ЖАО мемлекеттік мектептердегі 1,7 млн оқушыға, оның ішіндегі 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттағы 285 мың 5-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырды. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ақмарал Мақұлбекова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Алматыда мектептерде тамақтануды ұйымдастыру деңгейі айтарлықтай өсті
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Бақжанар Мұхамедиева мектептегі тамақтанудың жаңа стандартын енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мәселен, мәзірді бекітпес бұрын жұмыс тобы барлық тағамның дәмін көреді. Бұл эксперимент балалардың пікірі мен мәзірді түпкілікті әзірлеу кезінде олардың реакциясын ескеруге мүмкіндік берді. Бұл туралы спикер ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
ДДСҰ Қазақстан мектептерінде тамақтану стандартын енгізуге оң баға берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мектептердегі тамақтану сапасын жақсарту саласындағы Қазақстанның әрекеттерін құптап отыр. Дұрыс тамақтану баланың сау дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар оның академиялық жетістіктеріне ықпал етеді: бұл ауырып, сабақтан қалуды азайтады және зейінін шоғырлауға көмектеседі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы ДДСҰ елдік кеңсесінің Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі Лаура Өтемісова мәлімдеді.
Қазақстанда балалардың тамақтануы мен физикалық белсенділігіне арналған жаңа веб-сайт ашылады
Мектептегі тамақтану тек қанағаттанарлық емес, балалардың денсаулығы мен дамуына пайдалы болуы керек. Осы мақсатта балалардың тамақтануын бағалаудың жаңа құралдары енгізілді: жеуге жарамсыздық индексі, онлайн тамақтану калькуляторы. Мәселен, онлайн-калькулятордың көмегімен ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендерді қоса алғанда, мектеп мәзірінің калория мөлшері мен құрамын автоматты түрде есептеуге болады. Бұл қызмет тегін. Оны мектептер, балалар және олардың ата-аналары пайдалана алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова мәлімдеді.
Тұз бен қант азырақ, көкөністер мен жемістер көбірек: Қазақстанда мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді
Қазақстанда 2023 жылдан бері барлық бастауыш сынып оқушылары, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар жекелеген санаттағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Алайда, талдау оқушыларға берілетін тағамдарда көкөністер, жемістер мен сүт өнімдері жетіспейтінін, ал тұз, қант және майдың мөлшері артық екенін көрсетті. Мұндай теңгерімсіздік балалық шақта семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупін арттырады. Осыған байланысты мемлекет мектепте дұрыс тамақтануды ұйымдастыруды басым бағыттардың бірі ретінде белгілейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.
Жаңа e-Sport цифрлық платформасы: спортшылар, жарыстар және спорт нысандары – барлық деректер бір порталда
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізуде. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұлттық музейде «Зергерлік код» халықаралық көрмесі ашылды
ҚР Ұлттық музейінде «Зергерлік код. Тағуға болатын статистика» атты көрменің ресми ашылуы өтті. Бұл – Қазақстандағы Syldyr жобасы аясындағы дата-арт пен концептуалды әшекейлерге арналған алғашқы халықаралық көрме, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Әдейі жасалып таратылған ақпараттық толқын қалай жасалады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы
Қазіргі медиакеңістікте жалған ақпарат сирек жағдайда кездейсоқ таралады – оның артында әдетте нақты құрылған технология тұрады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында қарапайым қолданушылардың жасанды пікірталастарға қалай тартылатыны және шынайы мәселені манипуляциядан қалай ажыратуға болатыны көрсетіледі.