Мектептегі тамақтану тек қанағаттанарлық емес, балалардың денсаулығы мен дамуына пайдалы болуы керек. Осы мақсатта балалардың тамақтануын бағалаудың жаңа құралдары енгізілді: жеуге жарамсыздық индексі, онлайн тамақтану калькуляторы. Мәселен, онлайн-калькулятордың көмегімен ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендерді қоса алғанда, мектеп мәзірінің калория мөлшері мен құрамын автоматты түрде есептеуге болады. Бұл қызмет тегін. Оны мектептер, балалар және олардың ата-аналары пайдалана алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова мәлімдеді.