Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мектептердегі тамақтану сапасын жақсарту саласындағы Қазақстанның әрекеттерін құптап отыр. Дұрыс тамақтану баланың сау дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар оның академиялық жетістіктеріне ықпал етеді: бұл ауырып, сабақтан қалуды азайтады және зейінін шоғырлауға көмектеседі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы ДДСҰ елдік кеңсесінің Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі Лаура Өтемісова мәлімдеді.