Оқу-ағарту министрлігі балалардың тегін және сапалы тамақтану құқығын сақтау, олардың мүдделерін қорғау мақсатында білім ұйымдарындағы тамақтануды ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет пен жауапты құрылымдардың маңызды міндеті. 2025-2026 оқу жылында ЖАО мемлекеттік мектептердегі 1,7 млн оқушыға, оның ішіндегі 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттағы 285 мың 5-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырды. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ақмарал Мақұлбекова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.