Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.10.2025

Жарияланымдар · 10

Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті

Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті. Жиын жұмысына 700-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар бар. Сондай-ақ, форумға 38 шетелдік қонақ, оның ішінде 19 елшіліктің өкілдері, 10 халықаралық ұйым және алты елден келген делегаттар қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

17:32Жаңалықтар

19 қазан – Құтқарушы күні!

АҢДАТПА!

16:21Баспасөз хабарламалары

ШҚО-да «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының стратегиялық маңызы бар учаскесі ашылды

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының «Қалбатау-Майқапшағай» учаскесі салтанатты түрде ашылды. Бұл ауқымды жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

16:05Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 449 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 847,7 мың отбасы жалпы сомасы 449,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: орта есеппен 604,5 мың отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 391,1 млрд теңге; 243,2 мың адам наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 58,7 млрд теңге алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әеуметтік қорғау министрлігі.

15:21Жаңалықтар

20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

12:39Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды.

11:42Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:50Жаңалықтар

2025 жылы қазақстандықтарға 631 млрд теңгеден астам бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 631,2 млрд теңгеге 475,2 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:00Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды

Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатаu City жобасын таныстырды. Қазақстан тарапынан форумға Alatau City дамыту кеңесінің мүшелері – Caspian Group төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:10Президенттің тапсырмалары

Бүгін Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Бұл мереке диқаншылардың, ұн тартушылардың, наубайшылар мен агрономдардың еңбегін дәріптеу үшін арнайы бекітілді.

09:04Жаңалықтар