Күн жаңалықтары
15.10.2025
Жарияланымдар · 12
Үкіметте Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрлері мен бірінші оқу-ағарту вице-министрінің Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңіне ұсынылған кандидаттардың тізімі жарияланды
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» іріктеу кезеңінен өткен кандидаттардың тізімі жарияланды. Әңгімелесу 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында өтті, оған 150 кандидат қатысты, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ төлем алды
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі.
Жандос Иманалиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Нұрлан Байбазаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу акциясы өтуде. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстан болашақтағы инклюзивті білім беруді талқылаудың әлемдік алаңына айналды – Алматыда WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтуде
Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) басталды. Конгресс бір алаңда әлемнің 40 елінен 1200-ден астам үкіметтік құрылымдар, ғылыми қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар өкілдерінің басын біріктірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан АҚШ Сауда палатасында америкалық инвесторларға өзінің белсенді экономикалық өсу саясатын таныстырды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) дөңгелек үстелі шеңберінде америкалық бизнеске Қазақстанның инвестициялық-экономикалық әлеуетін таныстырды. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы жиналысы қарсаңында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынған Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан асатын «Көшім» каналы, ұзындығы 3 шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.