Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) дөңгелек үстелі шеңберінде америкалық бизнеске Қазақстанның инвестициялық-экономикалық әлеуетін таныстырды. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы жиналысы қарсаңында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.