Күн жаңалықтары
14.10.2025
Жарияланымдар · 18
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады.
Премьер-министр экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады. Сондай-ақ Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Оқыту LMS цифрлық платформасы арқылы онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады
Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Қазақстандық әйелдер ІТ-мамандықтардың арқасында кірісін қалай арттырады
IТ-Aiel және AqylTech бағдарламаларының арқасында 1,3 мыңнан астам әйел жаңа мамандық игерді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында TechnoWomen кеңесінің мүшесі Алуа Көрпебаева хабарлады. Бағдарламалар шеңберінде оқыту бірнеше бағыт бойынша өтті – қаржылық сауаттылық, цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік және кибербуллингтен қорғану.
«IT-Aiel» жобасы Қазақстаннан тыс елдерге шықты: жобаға Өзбекстан, Түркия және Қырғызстаннан келген әйелдер қатысты
2023 жылдан бері елімізде «IT-Aiel» жобасы іске асырылуда, ол халық арасында ерекше танымалдылыққа ие болды. Үш жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 23 мыңнан астам қыз бен әйел тегін оқудан өтті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева мәлімдеді.
Биыл IT-Aiel бағдарламасына 4 мыңнан астам әйел қатысты
She Innovator Startup негізін қалаушы Әлия Оразымбетова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында IT-Aiel жобасына қатысу тәжірибесі жайлы айтып, бағдарламаның мән-жайына тоқталып өтті. Спикердің айтуынша, IT-Aiel оған білім мен жаңа дағылардан бөлек, сенімділік пен алға қарай ұмтылуға мүмкіндік берді.
Әйелдер ақпараттық технологиялар саласына жоғары қызығушылық танытып жатыр
Қазақстан жедел цифрлану жолына түсті. Мемлекеттің стратегиясы және Президент қойған мақсаттарға сай, біздің ел үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін әйелдердің де жаңа білім экономикасына кеңінен қосылғаны маңызды. Егер әйелдер цифрлық экономикада, жасанды интеллектіні қолданып, табыс табуды үйренсе, олар отбасын көбірек қолдай алады, балаларының біліміне көбірек инвестиция жасай алады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Алексей Цой ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі
ЕҰУ AI Sana бағдарламасы аясында 100-ден астам жасанды интеллект пәндерін енгізді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті AI Sana бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Бағдарламаның мақсаты – білім алушылар мен оқытушылардың жасанды интеллект саласында құзыреттіліктерін қалыптастыру және зияткерлік шешімдерді құрудың практикалық дағдыларын дамыту. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрландыру жөніндегі проректоры Гүлмира Бекманова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
540 мың қазақстандық студент AI-Sana бағдарламасы аясында ЖИ базалық дағдыларын игерді
2024 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы барлық студентке жасанды интеллектінің негізгі дағдыларын үйретуге бағытталған AI-Sana бастамасын іске асыруды тапсырды. Қазір бағдарлама бірнеше кезеңдерді қамтиды: негізгі және одан кейінгі үш деңгей. 650 мың студенттің 540 мыңға жуығы Astana Hub, Google, Coursera және Huawei платформаларында жасанды интеллектіні басқару бойынша базалық курстардан өтті. Келесі кезеңде кәсіпкерлікке, бағдарламалауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқыту негіздерін игеретін 100 мың студентті іріктеу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова айтты.
Отандық ЖОО-ның ЖИ саласында әзірленген бағдарламалары әлемдік трендтерге сәйкес келеді
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы оқу процесіне ЖИ-ді енгізу стандартын әзірлеп, бекітті. Құжатта «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мазмұны, ЖИ-ді пайдалану қағидаттары, білім берудегі ЖИ агенттерін пайдалану нысандары, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың рұқсат етілген қолданушылық аймақтары айқындалған. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің басқарма басшысы Рыскүл Құдыреттулаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Еліміздегі жетекші университеттер жанында жасанды интеллект бойынша арнайы орталықтар мен зертханалар құрылды
Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA, Google, Astana Hub, EduSystem, Huawei және Coursera сынды жетекші халықаралық компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Олардың әрқайсысымен жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялық білім беру салаларындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Coursera компаниясымен соңғы үш жылдағы бірлескен жұмыс аясында 197 мың студент оқытудан өтіп, 388 мың сертификатқа ие болды. Платформада жасанды интеллект бойынша 225 курс қолжетімді. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Қазақстанда 30 ЖОО жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойып, ауқымды цифрлық жаңғырту кадрларға, адам капиталына жаңа талаптар қоятынын атап өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында тек технологиялық трендтерді ғана емес, еңбек нарығындағы өзгерістерді де ескеріп отыр. Осы мақсатта ведомство жаңа мамандықтар атласы жобасы аясында жасанды интеллектінің дамуына байланысты еңбек нарығындағы өзгерістерге де талдау жүргізді. Бұл жайында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ағымдағы жылдың басынан бері 21,5 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы бұл салада барлығы 33 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың ең көп саны Түркістан – 6 мың адам, Қызылорда – 2,3 мың адам, Жамбыл – 1,7 мың адам, Ақтөбе облыстарында – 1,5 мың адам және Шымкент қ. – 1,3 мың адам тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады – Ұлттық экономика министрлігі
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрады. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.