Қазақстан жедел цифрлану жолына түсті. Мемлекеттің стратегиясы және Президент қойған мақсаттарға сай, біздің ел үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін әйелдердің де жаңа білім экономикасына кеңінен қосылғаны маңызды. Егер әйелдер цифрлық экономикада, жасанды интеллектіні қолданып, табыс табуды үйренсе, олар отбасын көбірек қолдай алады, балаларының біліміне көбірек инвестиция жасай алады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.