Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы оқу процесіне ЖИ-ді енгізу стандартын әзірлеп, бекітті. Құжатта «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мазмұны, ЖИ-ді пайдалану қағидаттары, білім берудегі ЖИ агенттерін пайдалану нысандары, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың рұқсат етілген қолданушылық аймақтары айқындалған. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің басқарма басшысы Рыскүл Құдыреттулаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.