Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті AI Sana бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Бағдарламаның мақсаты – білім алушылар мен оқытушылардың жасанды интеллект саласында құзыреттіліктерін қалыптастыру және зияткерлік шешімдерді құрудың практикалық дағдыларын дамыту. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрландыру жөніндегі проректоры Гүлмира Бекманова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.