Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.