Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.