Күн жаңалықтары
28.10.2025
Жарияланымдар · 16
Президент баға беретін халықаралық орталық құру туралы келісімді ратификациялады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббты қарсы алу зор мәртебе екенін жеткізді.
Қазақстанда «Жасыл балабақшалар» саны артып келеді
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық қозғалысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл балабақша» жобасына қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып келеді. Бүгінде бұл жоба шеңберінде өңірлерде 156 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті өкілдерінің жұмыс сапары барысында байланыс сапасын жақсарту және телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Комитет өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесіп «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарында, сондай-ақ «Алматы–Қонаев» автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Қорғаныс министрлігі: әскери оқу орындарына іріктеу ашық әрі объективті жүргізіледі
Әскери оқу орындарына іріктеу рәсімдерін цифрландыру мен ашықтық - әскери білім беру жүйесінің элементтері. ҚМ 2025 жылы әскери оқу орындарына қабылдау, командирлік тактикалық мамандықтар, «Ұшқыштық іс», «Радиобайланыс және ұшқышсыз жүйелерді басқару», «Әскери медицина», «Дене мәдениеті және спорт», ІТ бағыттар бойынша кең ауқымды даярлық жүргізді. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Кәсіби бағдарлау ауқымы кеңейіп, әскери мамандықты таңдаушылар саны артып келеді
Әскери мамандарды дайындаудағы маңызды бағыт – техникалық және кәсіптік білім беру. Бұл жұмыс ҚМ әскери колледждерінде жүзеге асырылады. Сержанттық лауазымдарды техникалық және кәсіптік білімі бар кәсіби әскери қызметшілермен жасақтау қажеттілігіне байланысты 2020 жылдан бастап 4 республикалық «Жас ұлан» мектебі кезең-кезеңімен әскери колледждер болып қайта құрылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стуббтың бірлескен мәлімдемесі
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббқа сый-құрмет көрсетті.
Ел офицерлері жаңа бағыттар бойынша даярланып жатыр
ҚР Әскери доктринасы ережелеріне сәйкес Қарулы Күштердегі өзге әскери құрылымдарды жоғарғы кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған әскери білім берудің тұтас жүйесі қалыптастырылды. Офицерлік кадрларды даярлау ҚК барлық әскери тектері мен түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтиды және Қорғаныс министрлігінің 3 әскери институтында жүзеге асырылады: Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштері әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанда 26,9 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Премьер-министр электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ энергетика секторы ұлттық компанияларының өкілдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еліміздің энергетикалық жүйесінде қосымша 26 ГВт жаңа қуат көздерін қосу жоспарланып отыр
Қазақстанның энергетикалық жүйесі тиісті талаптарға сай және Ресей мен Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен үйлесімді қалыпта жұмыс істеп тұр. 237 электр станциясының 79-ы дәстүрлі генерация көздері, қалғаны 158 жаңартылатын энергия көздері, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі пысықталуда – Энергетика министрлігі
Қазақстанда отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі белсенді түрде пысықталуда. Осы мақсатта ТЭК саласына ЖИ енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған, оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 964 грант, оның ішінде ауыл тұрғындарына – 5 539 грант берілді. 2025 жылы жалпы 9 234 грант беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.
Жаңа жобалар мен көрсеткіштердің артуы: Президент тапсырмалары шеңберіндегі көлік жүйесінің дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын жаңғырту және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде логистика жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға және орнықты экономикалық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.