ҚР Әскери доктринасы ережелеріне сәйкес Қарулы Күштердегі өзге әскери құрылымдарды жоғарғы кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған әскери білім берудің тұтас жүйесі қалыптастырылды. Офицерлік кадрларды даярлау ҚК барлық әскери тектері мен түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтиды және Қорғаныс министрлігінің 3 әскери институтында жүзеге асырылады: Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштері әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.