Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

30.10.2025

Жарияланымдар · 19

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді.

20:12Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Президент өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, археология, этнография, Қазақстанның бұрынғы және қазіргі тыныс-тіршілігінен хабар беретін залдарды аралап көрді.

20:11Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді.

19:48Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

️«Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.

18:20Жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды.

18:19Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды.

18:08Жаңалықтар

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті.

17:09Мемлекет басшысының қызметі

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін және инвестициялық жобаларды іске қосу қарқынын үдете түсу жұмыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:19Президенттің тапсырмалары

Президент Өнер орталығына барды

Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады.

16:02Жаңалықтар

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.

15:49Жаңалықтар

Қысқа дайындық: республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға қажетті материалдар мен техника әзірленді

Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, оның 22 мың шақырымы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына қарасты «ҚАЖСервис» мекемесі республикалық автожолдарды жыл бойы үздіксіз күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетеді. Мекемеде 95 жол пайдалану учаскесі және 102 жол пайдалану пункті бар. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Республикалық автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарының басым бөлігі Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді

Елімізде 22 ақылы жол учаскесі бар, олардың жалпы ұзындығы – 4883 шақырым. 9 айдың ішінде ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың барлығы осы жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға жұмсалып жатыр. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында, республикалық автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Олардың 93%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2025 жылы елімізде қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым жол қамтылды

Биылғы жол-құрылыс маусымында 9500 шақырым республикалық маңызы бар автожолда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым; күрделі жөндеумен 460 шақырым; орташа жөндеумен 5100 шақырым жол қамтылды. 2025 жылы жол-құрылыс маусымында 10 мың бірлік арнайы техника, 25 мың маман жұмылдырылып, 12 млн тонна қиыршық тас пен 544 мың тонна битум пайдаланылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды.

14:06Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

12:01Мемлекет басшысының қызметі

130 мың қазақстандық оқушы жаңартылған мектептерде білім алуда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:39Жаңалықтар

ҚР көші-қон процестері туралы

АҢДАТПА!

10:09Баспасөз хабарламалары

Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

Қазақстанда 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:20Жаңалықтар

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1100-ден астам тексеру жүргізді

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 174 тексеру жүргізді, оның 423-і жоспардан тыс, 450 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 301 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 552 ұйғарым берілді, 69,9 млн теңгеден астам сомаға 318 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:09Аймақтар жаңалықтары