Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

31.10.2025

Жарияланымдар · 15

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

18:54Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді.

18:24Мемлекет басшысының қызметі

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді.

16:32Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast оқу орнының президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты.

16:30Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Woosong университетінің әлемдік білім беру талаптарына сай келетін филиалын ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдірді.

16:29Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті

Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

16:21Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды. Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.

16:14Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі

Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.

13:16Жаңалықтар

Шетел азаматына жалған тіркеу жасайтындар жауапқа тартылмақ

ҚР ІІМ заң қолдану саласында жүргізілген жұмыстармен қатар заңнамаға өзгертулер енгізу жұмыстарын да атқарып жатыр. Биыл көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыковтың айтуынша, 30 күннен артық елде болатын шетел азаматтарын тіркеу институты енгізілді.

12:30Жаңалықтар

Биыл елге 12 миллионнан астам шетел азаматы келді

Биыл елімізге келген шетел азаматтарының саны 12 миллионнан асты. Шетел азаматтарының көбі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді. Басым бөлігі туристер ретінде және транзитпен өтеді. 660 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұруға рұқсат алды, олардың 90%-ы еңбек ету мақсатында келіп, көбі республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ батыс және оңтүстік өңірлерде тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыков ОКҚ брифингінде хабарлады.

12:20Жаңалықтар

2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Көші-қон үдерістерін реттеу мақсатында migration.enbek.kz порталы құрылды. Ол шетелдік азаматтарды бірыңғай тіркеуді және көші-қон ағындарын мониторингтеуді қамтамасыз етеді. 2024 жылдан бері 15 цифрлық қызмет енгізілді. Ал, 2025 жылы үш жаңа қызмет: материалдық көмек алу туралы өтініш беру, қоныс аударушыларды қабылдау жөніндегі өңірлік квотаға енгізу, электрондық форматта әлеуметтік келісімшарт жасау іске қосылды. Қосымша тағы 5 жаңа қызметті мобильді қосымшада іске қосу жоспарланып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев ОКҚ алаңында Көші-қон саясаты тұжырымдамасын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

12:10Жаңалықтар

Шетелдік тәлімгерлерге қойылатын талаптар тізімі кеңейтіледі

Еңбек иммиграциясы бағыты бойынша биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 19 мың бірлік көлемінде белгіленді, оның ішінде 14 мың шетелдік қызметкерді заңды тұлғалар нақты жұмысқа тартқан. Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері мыналар: Қытай – 5 330 адам, Өзбекстан – 2 682 адам, Түркия – 1 046 адам. Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыскерлердің басым бөлігі келесі салаларда еңбек етеді: құрылыс – 4 929 адам, ауыл шаруашылығы – 3 140 адам, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 1 240 адам. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:00Жаңалықтар

Аймақтар арасындағы теңгерімсіздікті реттеу шаралары қабылдануда

Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті азайту мақсатында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге, яғни 2019 жылы -53 мың адамнан 2024 жылы -13 мың адамға дейін азайды. 2025 жылдың тоғыз айында ішкі көші-қон үдерістеріне 328 мың адам қатысты. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ішкі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға артты. Бұл жайлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтары қорғалады

2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қонның оң сальдосы +7 700 адамды құрады. Елге 11,3 мың адам келіп, 3,5 мың адам кеткен. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еліміздегі көші-қон ахуалы туралы баяндады.

11:40Жаңалықтар

Қазақстанда ЮНИСЕФ-пен бірлесіп өмірдің балаларды қолдау үшін «Сәтті бастау» бағдарламасы іске асырылады

Астанада «Қазақстанның әрбір баласы үшін – үздік бастама» атты халықаралық конференция өтті, онда Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары 2025-2027 жылдарға арналған ерте шақтағы балаларды дамыту және ерте араласу жөніндегі «Сәтті бастау» кешенді жоспарына қол қойды. Іс-шараға Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы доктор Рашед Мұстафа Сарвар, сегіз елдің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, барлығы 200-ден астам қатысушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

09:43Жаңалықтар