Көші-қон үдерістерін реттеу мақсатында migration.enbek.kz порталы құрылды. Ол шетелдік азаматтарды бірыңғай тіркеуді және көші-қон ағындарын мониторингтеуді қамтамасыз етеді. 2024 жылдан бері 15 цифрлық қызмет енгізілді. Ал, 2025 жылы үш жаңа қызмет: материалдық көмек алу туралы өтініш беру, қоныс аударушыларды қабылдау жөніндегі өңірлік квотаға енгізу, электрондық форматта әлеуметтік келісімшарт жасау іске қосылды. Қосымша тағы 5 жаңа қызметті мобильді қосымшада іске қосу жоспарланып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев ОКҚ алаңында Көші-қон саясаты тұжырымдамасын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.