Еңбек иммиграциясы бағыты бойынша биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 19 мың бірлік көлемінде белгіленді, оның ішінде 14 мың шетелдік қызметкерді заңды тұлғалар нақты жұмысқа тартқан. Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері мыналар: Қытай – 5 330 адам, Өзбекстан – 2 682 адам, Түркия – 1 046 адам. Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыскерлердің басым бөлігі келесі салаларда еңбек етеді: құрылыс – 4 929 адам, ауыл шаруашылығы – 3 140 адам, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 1 240 адам. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.