Биыл елімізге келген шетел азаматтарының саны 12 миллионнан асты. Шетел азаматтарының көбі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді. Басым бөлігі туристер ретінде және транзитпен өтеді. 660 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұруға рұқсат алды, олардың 90%-ы еңбек ету мақсатында келіп, көбі республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ батыс және оңтүстік өңірлерде тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыков ОКҚ брифингінде хабарлады.