Астанада «Қазақстанның әрбір баласы үшін – үздік бастама» атты халықаралық конференция өтті, онда Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары 2025-2027 жылдарға арналған ерте шақтағы балаларды дамыту және ерте араласу жөніндегі «Сәтті бастау» кешенді жоспарына қол қойды. Іс-шараға Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы доктор Рашед Мұстафа Сарвар, сегіз елдің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, барлығы 200-ден астам қатысушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.