2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қонның оң сальдосы +7 700 адамды құрады. Елге 11,3 мың адам келіп, 3,5 мың адам кеткен. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еліміздегі көші-қон ахуалы туралы баяндады.