ҚР ІІМ заң қолдану саласында жүргізілген жұмыстармен қатар заңнамаға өзгертулер енгізу жұмыстарын да атқарып жатыр. Биыл көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыковтың айтуынша, 30 күннен артық елде болатын шетел азаматтарын тіркеу институты енгізілді.