Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті азайту мақсатында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге, яғни 2019 жылы -53 мың адамнан 2024 жылы -13 мың адамға дейін азайды. 2025 жылдың тоғыз айында ішкі көші-қон үдерістеріне 328 мың адам қатысты. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ішкі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға артты. Бұл жайлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында хабарлады.