Күн жаңалықтары
23.11.2025
Жарияланымдар · 3
Келесі «Silk Way Star» байқауы Қытайда өтеді
Астанада «Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауының гранд-финалы өтті. Байқау жеңімпазы – Моңғолиядан келген Мишель Джозеф. Бұл – 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ауқымды жоба. Келесі байқау Қытайда өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында CMG (Қытай медиакорпорациясы) Еуразия бюросы бас редакциясының меңгерушісі Ван Дэлу хабарлады.
«Silk Way Star» жобасы елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуда
«Silk Way Star» жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф ОКҚ алаңында ұйымдастырылған баспасөз конференциясына қатысып, пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Моңғолия бір-бірімен өте жақын елдер болып табылады.
Silk Way Star жобасы мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасында Silk Way Star жобасы бойынша арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл жобаның басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениетін байланыстыру және дамыту. Алғаш рет эфирге бағдарлама қыркүйектің 20-сында шықты. Ол 10 бөлімнен тұратын 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ірі жоба. Бұл туралы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.