Астанада «Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауының гранд-финалы өтті. Байқау жеңімпазы – Моңғолиядан келген Мишель Джозеф. Бұл – 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ауқымды жоба. Келесі байқау Қытайда өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында CMG (Қытай медиакорпорациясы) Еуразия бюросы бас редакциясының меңгерушісі Ван Дэлу хабарлады.