Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасында Silk Way Star жобасы бойынша арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл жобаның басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениетін байланыстыру және дамыту. Алғаш рет эфирге бағдарлама қыркүйектің 20-сында шықты. Ол 10 бөлімнен тұратын 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ірі жоба. Бұл туралы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.